- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат спортшылар мен бапкерлерге өмір бойы төлем төлеу заңын қабылдады
Сенат спортшылар мен бапкерлерге өмір бойы төлем төлеу заңын қабылдады
«Заң жобасы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша мәдениет, спорт, чемпиондар мен олимпиада, паралимпиада жүлдегерлеріне сыйақы төлеу салалары бойынша кеңейтілді. Сондай-ақ, бапкерлер мен спортшыларға арналған ай сайын төленетін өмір бойғы төлем енгізу қарастырылуда», - деді дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Т. Есентаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, заң жобасы спорт медицинасы мен спорт федерациясының жауапкершілігін арттыруды дамытуды басты назарға алып отыр.
Заң жобасының негiзгi мақсаты дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетiлдiру, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасының нормаларын қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіру болып табылады. Осыған байланысты Бюджет кодексіне, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне, «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарға тиісті түзетулер енгізілді.
Атап айтқанда, дене шынықтыру және спорт, медициналық спорт саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды адамдардың әкімшілік жауаптылығы белгіленеді, тұрғылықты жер бойынша және бұқаралық демалыс орындарында спорттық инфрақұрылымды құру және күтіп-ұстау мәселелері бойынша, кент әкімдеріне, сондай-ақ, спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер бойынша кент әкімдерінің құзыреті кеңейтілді.
Камила Амирова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері