Н. Замятин: ЕАЭО бизнес өкілдеріне жаңа мүмкіндіктер ашады

26 Маусым, 2014 14:21
Мен ЕАЭО идеясын оң қабылдадым, себебі ол бизнес өкілдеріне мүмкіндіктер ашады, деп Strategy2050kz. АА берген сұхбатында «Риддерский ДОК» ЖШС техникалық директоры Николай Замятин мәлімдеді.

Оның айтуынша, біріншіден, Ресей мен Қазақстанның кедендік бекеттерінің есебінен интеграцияны тереңдетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, мемлекеттердің кедергілерді жою бойынша біріккен жұмысы  ел экономикасының дамуына-ЕАЭО елдеріне  септігін тигізеді.

«Мені өз елімнің патриоты ретінде Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық одаққа қосылу үрдісі қатты қуантты. Ол еліміздің қалыптасуына оң әсерін тигізетінін шүбәм жоқ», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар