- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Армения Республикасының Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады
ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Армения Республикасының Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады
2 Қыркүйек, 2013 00:00
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталатын Арменияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Василий Казарянды қабылдады.
Елшінің бес жылдық дипломатиялық қызметі аясында парламентаралық байланыстар дамып, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысы жанданды.
Мемлекеттік хатшы Армения дипломатиялық миссиясы басшысына екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс білдіріп, Арменияның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудегі Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Армения қарым-қатынастарын дамытудың жай-күйі мен келешегін талқылады
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы