- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақфильм» «Құнанбай» көркем фильмін түсіреді
«Қазақфильм» «Құнанбай» көркем фильмін түсіреді
26 Маусым, 2014 12:36
"Қазақфильм" киностудиясы "Құнанбай" көркем фильмінің түсіріліміне кірісіп жатыр. Туынды кемеңгер ақын, ойшыл Абайдың әкесі жайында деп хабарлайды аталған киностудияның баспасөз қызметі.
"Фильм тарихи тұлғаның өмірін ғана баяндамайды, онда XIX ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі де ашық баяндалмақ.
Фильмнің режиссері, әрі басты рольді сомдаушы - Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер Досхан Жолжақсынов" делінген хабарламада.
Кино-туынды Досхан Жолжақсыновтың режиссер ретінде түсірген екінші өнімі. 2009 жылы ол "Біржан сал" фильмін түсіріп шыққан болатын. Онда да актер басты рольді өзі ойнаған.
"Құнанбай" фильмінің түсірілімі Абайдың туған жері Шығыс Қазақстан облысында өтіп, ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасатын болады.
Түсіруші топ архив құжаттарымен танысып, сол заманның болмысын зерттеп жатыр.
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Электронды кітапхана, концерттік қызмет, көркемдік кеңес қызметіне қандай өзгерістер енгізілді -
ҚазАқпарат «Карантин» деректі фильмін ұсынады
-
Дариға Назарбаева: Сапасыз заңдар мемлекет билігінің беделін түсіреді -
"Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды -
«Атбайдың шайқасы» фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавада болып өтті -
«Томирис» фильмін түсіруге 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды -
«Қазақфильм» аумағында АЭА пайда болады- А.Мұхамедиұлы -
Астана жыл сайын ел бюджетіне 1 трлн теңге түсіреді – Н.Назарбаев -
ШҚО-да Қазақстан Президентіне арналған көркемөнер көрмесі ашылды (ФОТО) -
Сәтті фильмдердің басты құндылығы - тақырып идеясы мен көркемдік критерийлердің тұтастығында -
«Мәңгілік ел» жоспары аясында 28 көркем және деректі фильм түсіріледі -
«Қазақфильм» киностудиясы Балуан Шолақ туралы көркем фильм түсіреді