- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында егін егу жұмыстарының қорытындысы бойынша семинар өтті
Қызылорда облысында егін егу жұмыстарының қорытындысы бойынша семинар өтті
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов егін егу жұмыстарының аяқталу барысымен таныстырды. Баяндамашы дақылдарға, минералды тыңайтқыштарға, суармалы суға төленетін субсидия қазір толығымен төленгенін атап өтті. Бұл шаруашылықтардың жұмысын жүйелі жүргізуге сеп болды дейді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, әртараптандыруға байланысты Жаңақорған ауданында алма, жүзім егіліп жатқанын мәлімдеді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандарының әкімдері егін егу жұмыстары уақытылы аяқталғанын жеткізді. Қазір кесте бойынша суару, күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
«Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның басқарма төрайымы Жанат Самат 42 шаруашылықтан күзгі егіннен жиналатын күріш салысын сатып алуға келісім жасасып қойған айтты. Бұған қоса, алдағы уақытта күріш өңдейтін зауыттарға да субсидия бөлінетінін жеткізді.
Жалпы, Сыр диқандары биыл 80694 гектарға күріш екті. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 6,7 мың гектарға артық. Бұл жасалып жатқан қолдаудың нәтижесі. Дегенмен, бүгінгі күннің басты мәселе әртараптандыру болып тұр. Жергілікті табиғатқа шыдамды тұқым сорттарын дайындауда «А.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-ның» ғалымдары тынымсыз еңбек етуде. Институт директоры Серікбай Өмірзақов 60-70 күнде пісетін 6 сорт түрін тәжірибеден өткізіп жатқанын мәлімдеді. Клер жылы Сыр салысының жаңа сорттарын шаруашылықтар егетін болады.
Биылғы жылы негізгі дақыл күріштің межеден артық егілгенін атап өткен облыс әкімі азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда маңызы бар майлы дақылдар мен бақша, көкөніс және картоп дақылдарының көлемін азайтпай керектігін ескертті.
«Өткен жылы күрішке төленетін субсидия көлемін өсірдік. Осылайша, шаруашылықтардың мәселесін шешуге жәрдемдестік. Соның нәтижесінде күріш алқабы кеңейіп отыр. Енді күзге дейін бақша, көкөніс дақылдарын субсидиялау жолдарын қарастырудамыз. Жақында облыс делегациясы Краснодар өлкесінде болып, тәжірибе алмасып келді. Жаңашылдықтарды мамандар енді өзімізге енгізу бағытында жұмыс жасайтын болады», - деді аймақ басшысы.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар