- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов ҮИИД екінші бесжылдығының 4 басым бағытын атады
К.Мәсімов ҮИИД екінші бесжылдығының 4 басым бағытын атады
«Бiрiншiден, ұлттық саланы дамыту маңызды. Бiз қолда бар басымдықтарымызды сырт шегерiп қоймай, мұнай-газ, тау-кен және өзге де салалардағы өндiрiстi дамытуымыз қажет. Себебi, бұл секторлар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алады. Осы салалар бүгiнгi күнi елiмiзге ақша әкелiп жатыр, бюджетiмiз бен Ұлттық қорды толықтырып отыр. Сондықтан, бұл секторлар болашақта дамытылуы керек», - дедi К.Мәсiмов
Оның айтуынша, геологиялық барлау және табиғат ресуртарын игеру бойынша тендерлерге қатысудың жаңа мүмкiндiктерiн қарастыратын заң жобасы парламентте қаралып жатыр.
«Бұл заң жобасы мақұлданып, қабылданғанан кейiн және оған Мемлекет басшысы қол қойғаннан соң ұлттық бизнестiң аталмыш секторлардағы тендерлерге қатысуына жаңа мүмкiндiктер ашылады деп ойлаймын. Десек те, бұлар капитал сыйымдылығы бар салалар екенiн ұмытпау керек», - деп түйiндедi ол.
Үкiмет басшысы ҰКП мүшелерiне отандық бизнестi дамыту мен қолдау бойынша үлкен мiндеттер қойылып отырғанын атап өттi.
Оның айтуынша, қысқа уақыт iшiнде барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап, ең бастысы, маңызды экономикалық мәселелердi талқылауға белсене атсалысып жатқандарыңыз көңiл қуантады. Үкiметтегi маңызды мәжiлiстер мен отырыстар сiздердiң қатысуларыңызбен өтуде. Өйткенi, сiздердiң пiкiрлерiңiз бiзге өте маңызды. ҚР Президентi жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесi, Үкiметтiң жанындағы Бiрыңғай үйлестiру орталығы, әрбiр мемлекеттiк органдардағы сараптама кеңестерi осы үшiн құрылған болатын.
Үкімет басшысының пікірінше, стартап жобалар бойынша ауылдық жерлердегі бизнеске қаржы құралдарының қолжетiмдi болуы мәселесi бұрынғыдай оңтайлы шешіліп келеді. Бұл, әсiресе, агарарлық салаға қатысты болып отыр.
Мадина Нұрбекова
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Азаматтық бастамаларды қолдау бағытында қолға алынған шаралар -
ІІМ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді атады -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы -
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі -
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту -
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық -
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда -
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстан мектептері неге дәстүрлі оқу форматына көшкен жоқ