Қала күніне орай Астанада 4D шоуы өтеді

25 Маусым, 2014 11:40
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сыртқы қасбетінде мультимедиалық 4-Д шоуы өтеді.

 Бұл – Астана қаласы тұрғындарынамерекелік тарту болмақ. Әртістердің жанды дауыстағы өнері қысқаша бейне-баяндау арқылы 3-Д элементтерімен сүйемелденеді. Мұндай тәсіл Қазақстанда алғаш рет пайдаланылмақ. 4-Д шоу бірнеше оқиғаға бөлінеді, деп Астана қаласының  16 жылдығына арналған мерекелік шараларды  дайында және өткізу жөніндегі   ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.

Бірінші оқиға  - жалынды жігіт пен айдай сұлу арудың махаббаты туралы қазақтың ертегі-аңызы. Екінші оқиға – «Мақсатқа жету жолы»– 16 жылға аяқ басқан жас астананың тарихы. 

Барлық жаңалықтар