• Басты
  • Қазақстан БҰҰ рейтингісінде электрондық үкімет бойынша 10 санатқа көтерілді
24 Маусым, 2014 15:05

Қазақстан БҰҰ рейтингісінде электрондық үкімет бойынша 10 санатқа көтерілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингісіне сәйкес Қазақстан өзінің көрсеткішін 10 позицияға жақсартып, 193 елдің ішінен 28-ші орынға жайғасты.

Қазақстан БҰҰ рейтингісінде электрондық үкімет бойынша 10 санатқа көтерілді | Strategy2050.kz

Электрондық үкіметті дамыту индексінің адами капиталдың, телекоммуникациялық құрылымның және онлайн-қызметтің көрсеткішінен құралатынын айтып өту  керек. Бүгінгі күні республика тұрғындарының компьютерлік сауаттылық көрсеткіші 63,2% құраса, кең жолақты интернетке қолжетімділік деңгейі 67,6% құрап отыр.

 Ал, электрондық үкіметтің қалыптасқан инфрақұрылымы қазақстандықтардың электрондық үкімет порталы  арқылы 570 қызмет пен сервистерді алуына мүмкіндік береді. Егер 2013 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 38 млн. қызмет көрсетілсе, ағымдағы жылдың басынан бері портал арқылы ұсынылған қызметтер саны 22,8 млн. жетіп отыр. Күн сайын электрондық үкімет порталына орташа есеппен 43 мың қолданушы кіреді, деп байланыс және ақпарат министрлігінде хабарлады.

Бүгінгі күні электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болған жағдайда «Болашақ» стипендиясына ие болу үшін өтініш беру, балабақша кезегіне тұру, автокөлікті жүргізуге  сенімхат беру, коммуналдық қызмет төлемдерін, айыппұлдар мен салық түрлерін төлеу, жеке куәлікті ауыстыру секілді мәселелерді электрондық үкімет порталы арқылы үйіңізде  отырып шеше аласыз.

Электрондық үкіметті дамытудың кезекті кезеңін іске асыру аясында қызметтер мен сервистерді мобильді құрылғылар арқылы алуға мүмкіндік беретін мобильді үкіметті енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың соңында 50 қызмет пен сервисті мобильді құрылғылар арқылы алу мүмкін болмақ.

Айтып өту  керек, ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында «Электрондық үкіметтің Ғаламдық форумы-2014»  өтеді. Е-government дамыту мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту саласындағы әлемнің ең мықты деген сарапшылары бас қосатын  шараның Қазақстанда өтуіне  еліміздің электрондық үкіметінің  даму  қарқыны мен АКТ бойынша  халықаралық рейтингтердегі жоғары көрсеткішке қол жеткізуі себеп болып отыр.

 Алғашқы басқосу   2012  жылы  Сеулде (Корея) өткізілді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды