- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада технологиялық ынтымақтастық семинары өтті
Астанада технологиялық ынтымақтастық семинары өтті
Салалық құрылымдық бюро қызметі туралы ТМРА өкілі Батырек Дәуітбаев әңгімеледі. Оның айтуынша, машина жасау саласында жаңа өнім түрлерін өндіру тізбегіне өзіндік үлес қосуды жолға қою мен әлеуетті арттыру мақсатында ТҚБ тұрақты түрде жаңа жобаларды іздеу жұмыстарын жүргізеді. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында салалық сынау базасын (зертхана, сертификациялық орталық) құру қарастырылған, деп хабарлайды ТМРА баспасөз қызметі.
«ИЖТМ «ТМРА» АҚ-мен бірлесе отырып кәсіпкерліктермен бірлесе қаржыландыру шарттарына инновациялық несие беру есебінен өңірлерде салалық құзіреттілік орталықтарын құруға қатысу мәселесі дайындалады. Аталмыш орталықтар отандық кәсіпкерліктерінің тәжірибелі үлгілерін дайындау мен олардың тиімділігін ілгерілету бойынша ішкі қажеттілігін шешуге бағытталған сынақ полигондары мен 3D технология қолдана отырып инновациялық шеберхана мен мамандандырылған «фаб-зертхананы» қамтиды.
Семинарда 3D баспа мен суперкомпьютерлер бойынша өзара байланыстың корейлік тәжірибесі жайлы Корей ғылым және технологиялық ақпарат институтының зерттеу инженері Джонгву Хонг әңгімеледі. Ол медицина, сауық индустриясы, сән индустриясындағы 3D баспа мен жаңа материалдарды қолдана отырып жасанды сүйектерді шығару тәжірибесі туралы айтты.
Айта кету керек, 3D баспаны дайындаудың қазақстандық тәжірибесі де өзінің мүмкіндіктерін дәлелдеп отыр. 2015 жылға қарай институт үй қаңқаларын дайындайтын қазақстандық өнімнің 3D баспасын шығаруды жоспарлап отыр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Энергетика саласы: Электp энеpгиясын өндipу, технологиялық бұзушылықтар және оның себептері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті