- Басты
- Жаңалықтар
- Сүйікті елорда көз алдымда өркендеді – Астана құрдасы
Сүйікті елорда көз алдымда өркендеді – Астана құрдасы
«Елордамыз керемет өзгерді, мен осы қалада тудым. Ол кезде қаланың атауы Ақмола еді. Шаһар біздің көз алдымызда өсіп, күн санап гүлденіп келе жатыр. Оған тұрғындардың барлығы куә. Менің пікірімше Астанамыздың әлемдегі ең айтулы қалалардың бірі болатын күні де алыс емес. Астана – Еуразияның, Қазақстанның жүрегі», - дейді.
Диананың айтуынша, ол қазіргі таңда Қазақстандағы бірегей білім ордасында білім алып жатыр. Оқу орны оның болашағының жарқын болуы үшін барлық жағдайды жасауда.
«НЗМ-нің ерекшеліктерін айтып тауысу мүмкін емес. Біздің мектеп Астанада алғаш болып ашылды, бүгінгі таңда осы мектептердің саны 15, он алтыншысы жақында Алматыда ашылатын болады. Бұл мектептер әлемдік деңгейдегі шәкірттерді дайындайтын білім ордасы», - дейді елорданың құрдасы.
Сонымен қатар, Диана өзінің болашақтағы жоспарларымен де бөлісе кетті. Оқушының арманы -кәсіпкер болу.
«Мектепті бітіргеннен кейін шетелдегі үздік ЖОО біріне түсіп, Қазақстанға қайта оралып, елімнің игілігіне жұмыс істемекпін. Осында өзімнің кәсібімді ашып, еліміздің көркеюіне үлес қоссам деймін», - дейді.
Мереке қарсаңында Диана барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.
«Мен барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын және Президентімізді де құттықтаймын. Ол кісінің аты Астанамызбен қатар аталуы тегін емес, өйткені біздің Астана тікелей сол кісінің еңбегі», - дейді.
Индира Кауметова
Фото-Азамат Алиев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер