• Басты
  • Сандар сөйлейді: Француз компаниясы ASTAINABLE жобасына 3 млн еуро инвестициялауға әзір
24 Маусым, 2014 19:42

Сандар сөйлейді: Француз компаниясы ASTAINABLE жобасына 3 млн еуро инвестициялауға әзір

Айта кетейік, VII Астана экономикалық форум аясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Францияның Қазақстандағы Елшісі Франсис Этьен ASTAINABLE жобасын жүзеге асыру бойынша Астана қаласы әкімдігі мен EIFFAGE EGIS GDFSUEZ консорциумы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойды.
Сандар сөйлейді: Француз компаниясы ASTAINABLE жобасына 3 млн еуро инвестициялауға  әзір

Құжаттың мақсаты – Астана қаласы аумағына арналған «Қаланың тұрақты дамуын 3D ынталандыру» жобасын іске асыру аясындағы ынтымақтастық негізін құру болып табылады.

«3D-құрал қала нысандарын бірлестіріп, қала коммуникациясын 3D картаға топтастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қаладағы түрлі жағдайларды модельдеуге байланысты жобаларды іске асыруға жол ашады, сонымен қатар қосымша қолданбалы коммуникацияға байланысты түрлі жобаларды іске асырады. Бұдан бөлек бұл қала тұрғындарына, инвесторларға ашық ресурс ұсынады», - дейді Талғат Әшім.

Оның айтуынша, жоба тарихы өткен жылғы Астана экономикалық форумынан басталды. Онда аталмыш жобаны іске асыру мүмкіндіктері туралы Астана әкімдігі мен француз тарабы арасында келісімге қол жеткізілді.

«Француз тарабы аталмыш жобаға 3 млн еуро инвестиция тартуға дайын, бұл қаражат толықтай француз тарабынан бөлінеді. Ал қала әкімдігі бар болғаны жобаны іске асыру барысын бақылайды», - дейді ол.

Айта кету керек, консорциум Астана моделіне қызығушылық танытуда. Оны дайындау жұмыстарымен «Астана Innovations» АҚ жанындағы 3D технологиясы орталық айналысуда. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды