• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

24 Маусым, 2014 18:48
Бүгін Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Оның барысында Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлерінің есептері қаралды.

Сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі өз жұмыстары туралы есеп берді.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар мен нақты тапсырмалар берілді. 

Барлық жаңалықтар