- Басты
- Жаңалықтар
- А.Есімов: Алматыда мейманхана бизнесі мен туризмді дамыту потенциалы жоғары
А.Есімов: Алматыда мейманхана бизнесі мен туризмді дамыту потенциалы жоғары
Форумды ашқан Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланың британдық танымал зерттеу жұмысына орай әлем қалаларының ТОР-10-на кіргендігін атап өтті. Мегаполис басшысы қалада мейманхана бизнесі мен туризмді дамытудың потенциалы жоғары екендігін жеткізді. Мысалы, соңғы үш жыл ішінде Алматыда мейманхана саны үш есе артты, кіріс те екі есе өсіп, 14,5 млрд. теңгені құрады.Қалада әлемдік отельдік брендер қалыптасты, олар - Ritz-Carlton, Intercontinental, Rixos және басқалары. Мұнда туристерге әлемдік стандарттағы қызметтер көрсетіледі, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
Қала басшысы мейманханаларға жұлдыз белгілеуді ретке келтіруді атады. Мегаполис басшысы құрамына мамандар, қоғамдық өкілдер мен туристер енетін арнайы топ құруды, сол топтың мейманханаларға арнайы рейтинг беруі тиіс екендігін де айтты.
Алматы әкімі мегаполисте туризмнің қанат жая бастағандығын атап өтті. Қала 2012 жылдан бері қарай Бүкіләлемдік туристік Ұйыммен (ЮНВТО) қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. ЮНВТО-ның офисін Алматыда ашу Жібек жолына енетін елдер күшін біріктіріп, экономикалық пайда табуға да ықпал етер еді.
Алматы үшін экологиялық және тау шаңғысы туризмдерінің берері мол болмақ.
«Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша «Көк жайлау» тау шаңғысы туризмінің жобасы жүзеге аса бастады. Алдағы 10 жылда ол танымал тау шаңғысы куроттарының біріне айналатын болады», - деді Ахметжан Есімов.
Қазақстанның Еуразиялық одаққа енуі де іскерлік туризмді дамытатын болады. Өйткені, Алматы исламдық қаржыландырудың өңірлік хабасына айналмақ. 2017 жылы елімізде екі ірі халықаралық үлкен шаралар өтетін болады. Олар - ЭКСПО-2017 және қысқы Универсиада. Бұлар және визалық режимнің жеңілдетілуі туристердің көп келуіне ойдағыдай әсер етпек.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері