- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда үлескерлерге келетін қатерді азайтуға бағытталған заң жобасы дайындалды –ӨДМ
Қазақстанда үлескерлерге келетін қатерді азайтуға бағытталған заң жобасы дайындалды –ӨДМ
«Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу туралы» заң жобасы аясында үлескерлік құрылысқа қатысушыларға келетін қатерді азайту қарастырылуда», - дейді Б.Жәмішев.
Оның айтуынша, заң жобасында 2 механизм қарастырылған. Бірінші кестеге сай салушы тарапынан жобалық компания банк арқылы несиелендіріледі.
«Бұл жағдайда үлескерлер қаражатын нөлдік цикл кезеңінен-ақ тартуға рұқсат етіледі. Яғни, салушы үлескер қаржысын тартуға рұқсат алудан бұрын өз қаражатының 20-30 пайызын жобаға салуға міндеттеледі. Ал бұрындары қаражатты мақсатты пайдалануды бақылайтын инжинирингтік компаниялармен келісім құрып, құрылыс барысында әрбір төлеуші рұқсат береді», - дейді министр.
Екінші кестеге сай, салушылар банктік несиені пайдаланбайтын жағдай да қарастырылған.
«Бұл жағдайда талаптар жоғары. Үлескерлер қаражатын тек үйдің қаңқасы құрылғанда ғана алуға рұқсат етіледі. Мұнда да инжинирингтік компания тартылады. Ол үлескерлер алдында есеп беріп, қаражатты мақсатты пайдалану жағын бақылайды. Аталмыш механизмдер үлескерлердің құрылысқа қатысуындағы келетін қатерді азайтады. Сонымен қатар, қарапайым халықтың үлескерлік құрылысқа қатысуына кепілдік береді. Бұл да коммерциялық қатынас, алайда қатерлер деңгейі аз», - дейді.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ӨДМ ипотекалық қарыздарды кепілдендіру қорын құру бойынша Корей тәжірибесін зерттеп жатыр.
Сонымен қатар, ол «халықаралық сауда» индикаторы бойынша электронды кедендік хаттау жүйесін енгізудің арқасында айтарлықтай ілгерілеушіліктер болады.
Мадина Нұрбекова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар