- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті
Елбасы ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті
Өз сөзінде Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысы еліміздің бірегей өнім түрлерін өндіретін ірі өнеркәсіптік өңірінің бірі екендігіне тоқталды.
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты өңір кәсіпорындарының алдынан жаңа нарық ашылуда. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға зор көңіл бөлінуде. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы қарыштап ілгерілеуде. Облыста майлы дақылдардың төрттен бірі өндіріледі, ет пен сүт өндіруден жетекші орында», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті бүкіл республика бойынша басымдыққа ие шағын және орта бизнес секторының бұл өңірде қарқынды дамып келе жатқандығына тоқталды.
«Шағын және орта кәсіпорындар шығаратын өнімдердің көлемі екі жарым есеге ұлғайды, барлық жұмыс істейтіндердің үштен бірі осы салада қамтылған. Бұл өте маңызды, өйткені экономикаға негізгі табысты ірі кәсіпорындар әкеледі, бірақ олар барлығын жұмыс орнымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бұл тұста нақ осы шағын бизнес баға жетпес рөл атқарады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев шағын кәсіпкерліктің дамуы орта тапты қалыптастыра отырып, экономикалық қана емес, әлеуметтік жүйенің де тұрақтылығын қамтамасыз ететінін айтты.
Қазақстан Президенті өңірде әлеуметтік сала жақсы дамып келе жатқандығына назар аударды.
«Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтығы жетпіс жасқа дейін ұзарды, туу көрсеткіші 41 пайызға өсті. Бұл – тұрмыс деңгейі көтерілгендігінің, денсаулық сақтау саласы халық үшін тиісті деңгейде жұмыс істеп жатқандығының айғағы», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан үшін айрықша өзекті экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстарын да атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті баса ден қоюды қажет ететін бірқатар бағыттарға да тоқталды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы облыста түсті металдардың негізгі қоры шоғырланғанына және оны игеру мен экономикалық айналымға тарту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігіне назар аударды.
Қазақстан Президенті өнеркәсіптік бесжылдық аясында іске қосылған нысандарды толық пайдалану қажеттігін де атап көрсетті.
«Әкімдіктердің барлығы жобаларды өз аумағына тартқысы келеді, бірақ жаңа өндірістік нысандардың қажетті болуын және олар нарықта сұранысқа ие өнім шығаруға тиіс екендігін ескерген жөн. Биыл іске қосылған барлық нысандардың жұмысын қамтамасыз ету керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы аграрлық секторды қолдау үшін көптеген елдердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қолы жете бермейтін түрлі мүмкіндіктер ұсынылып жатқанына назар аударды. Оларды өз деңгейінде пайдаланбауға болмайды.
Қазақстан Президенті апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуді және денсаулық нысандарының құрылысы кестесін мүлтіксіз сақтауды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында экономиканы әртараптандыру, ішкі резервтерді пайдалана отырып, дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу мәселелеріне ерекше тиянақтылықпен қарау керектігін айтты.
Бұл орайда кадрлық және ғылыми әлеуетті дамыту шешуші маңызға ие болмақ.
«Өңірде жақсы ғылыми-ағартушылық база бар, бірақ оның нақты сектормен өзара іс-қимылын күшейту керек. Ғылым еңбек өнімділігін арттыруға қызмет етуге тиіс, инновацияның мәні де осында жатыр. Жаңа технологиялар әлемде қарқынды түрде енгізілуде, біз де қалыспауға тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық салаларда – бизнес жүргізуде, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыруда, тұрғын үй құрылысында, оқуда, медицинада, мәдениетте теңдессіз шарттар ұсынылып отырғандығын атап өтті. Тек тұрғындар тарапынан бастамашылық қажет, ол үшін тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды