- Басты
- Жаңалықтар
- Энергетика саласындағы үздік стартап байқауының жүлде қоры 4 млн теңге
Энергетика саласындағы үздік стартап байқауының жүлде қоры 4 млн теңге
«Бүгінде біз түрлі жаңалық ашушылардан көптеген өтініштерді қабылдап жатырмыз. Олар көрменің тақырыптық аясын кеңейте түсетін үздік идеяларға толы. Аталмыш байқауға барынша мол үміткердің қатысқаны бізге тиімді. Өйткені ол бүгінгі таңда біздің мемлекеттің басымдылық беріп отырған салаларының бірі», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Александр Суворов.
Айта кету керек, қазылар қатарында энгергетика саласының ғалымдары, кәсіпкерлер мен кеңес берушілер бар. Олар үміткерлер арасынан 10 ақтық сын иегерлерін анықтап шығарады. Ал тамызда ақтық сын иегерлерінің есімдері белгілі болмақ.
«Әрине, біз байқауға барынша мол үміткердің қатысқанын қалап отырмыз, өйткені байқауға ұсынылған жобалардың әрқайсысы өз алдына бірер жаңалық, бір-бір жоба. Осы арқылы олар өндіріске жаңалықтар әкелуі әбден мүмкін», - дейді ол.
Айта кетейік, байқау екі кезең бойынша өткізіледі. Бірінші кезекте үміткерлер өз жобасындағы проблемалық қырларын көрсетіп, оны шешу жолдарын ұсынса, екінші кезеңде табыс пен қаржылық пайдадан кейін автор оны іске асыру жолдарын көрсетуі тиіс.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 2014 жылдың 16 тамызында жоба үздігін анықтауды жоспарлап отыр. Қанатқақты жоба нұсқасы қорытындысынан кейін компания байқауды жыл сайын өткізуді де ойластырып отыр.
Индира Кауметова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі