- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АШМ «Агробизнес-2020» бағдарламасын түзетеді
ҚР АШМ «Агробизнес-2020» бағдарламасын түзетеді
«Өздеріңіз де жақсы білесіздер, «Агробизнес-2020» бағдарламасы 3 млн теңгедей қаражатты қарастырады. Соның ішінде қаржыландыру көлемі 2,6 трлн теңге. Бюджеттік қаражат пен бағдарлама есебінен 2,6 трлн теңге өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы арасындағы субсидиялаудың тепе-теңсіздігін жоюға бағытталған. Мысалға, 2009-2010 жылдары өсімдік шаруашылығын субсидиялау көлемі мал шаруашылығын субсидиялау деңгейінен 2 есеге дейін асып кетті», - дейді министр.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес-2020» бағдарламасын қайта түзетеді.
«Концептуалды жаңалықтардың ішінде тұқымды, суармалы суды субсидиялау механизмін өзгерту мен өңірлерді мамандандыру кестесін енгізуді қарастырылған.
2014 жылдың ору науқанынан бастап кезең-кезеңімен жоғарғы деңгейдегі тұқымды субсидиялау алынып тасталады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологиясын енгізуді ынталандыру үшін суды беру қызметі құнын дотациялау механизмін жетілдіру ұсынылуда», - дейді.
Жалпы, суармалы судың текше метріне субсидия көлемін есептеу әдістемесі қайта қаралатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге суды беру қызметі құны бойынша субсидия ұсыну қайта қаралмақ.
Ведомствоның хабарлауынша, бағдарламаға ауыл шаруашылығы өнімдерінің белгілі бір түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік беретін өңірлерді мамандандырудың ұсынылып отырған кестесі енгізіледі. Кестені ескере отырып және өңірлердің ерекшеліктерін есепке алып АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың шараларын беру ережесін қата қарау ұсынылуда.
«Аграрлы ғылымды реформалау саласында халықаралық деңгейдегі аграрлы ғылым мен трансдисциплиналы ғылыми-оқыту кешенінің ұлттық ғылыми кеңесін құру қарастырылуда», - делінген хабарламада.
Мадина Нұрбекова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы