ҚТЖ «ЭКСПО-2017» көрмесіне қарсы жаңа вокзал салады – Ж.Қасымбек

24 Маусым, 2014 16:18
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ «ЭКСПО-2017» көрмесіне қарсы жаңа вокзал салады. Бұл туарлы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Жыл санап Астана арқылы жолаушылар ағымының артып келе жатқаны байқалады. Қолданыстағы темір жол вокзалы қазірдің өзінде жолаушыларға жобалық қуаттылығынан 30 пайыз артық қызмет көрсетуде. Сол себепті ҚТЖ тәулігіне 35 мың жолаушыға қызмет ете алатын жаңа темір жол вокзалының құрылысына кірісуде. Жоспар бойынша нысан 2017 жылы пайдалануға берілмек. Ол да «ЭКСПО-2017» көрмесінің нысаны болады», - дейді министр.

Оның айтуынша, ҚТЖ жаңа «Жезқазған-Бейнеу» мен «Арқалық-Шұбаркөл» темір жол бағыттары бойынша қозғалысты жіберуге дайындалуда. 

Барлық жаңалықтар