Астана-Атбасар, Шымкент-Қызылорда жолдары ақылы болады – Ж. Қасымбек

24 Маусым, 2014 16:11
Астана-Атбасар, Шымкент-Қызылорда жолдары ақылы болады, деп ОКҚ баспасөз отырысында көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Өздеріңізге мәлім болғандай, Астана-Щучинск бағыты ақылы болды. Келер жылдан бастап, біз Қызылорда мен Шымкент бағытын ақылы қылуды жоспарлап отырмыз. Екінші деңгей бойынша Астана – Атбасар жолын ақылы қылу мақсаты тұр», - деді ол.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда республикалық жолдардың жөнделуіне 2,4 есе аз қаражат бөлініп отыр. Нәтижесінде жолдардың қызмет көрсетуі 9 жылға қысқарады. Тапшылықты жою мақсатында жүрудің ақылы түрі енгізілуде.

2015 жылы Астана –Щучинск бағытындағы жол өз  есебінің қаржысына жөнделетін болады.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар