Қазақстан Президенті G20 саммитіне қатысады

6 Қыркүйек, 2013 00:00
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингінде ресми өкіл Алтай Әбибуллаев алдағы уақытта өтетін бірқатар маңызды шараларға тоқталып өтті.

Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті – «үлкен жиырмалықтың» төрағасы Владимир Путиннің шақыруымен 5-6 қыркүйекте Санкт-Петерборда өтетін G20 саммитінің жұмысына қатысады.

«Үлкен жиырмалық» тобы (G20) халықаралық экономикалық және қаржылық күн тәртібінің аса маңызды аспектілері бойынша халықаралық ынтымақтастықтың алдыңғы қатарлы форумы болып табылады. Саммитте Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Саммит аясында ел Президенті кейбір мемлекет және үкімет басшыларымен - Саммитке қатысушы - үлкен жиырмалықтың мүшелерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Барлық жаңалықтар