• Басты
  • Н. Назарбаев ШҚО-ның АӨК нысандарын аралады
24 Маусым, 2014 12:59

Н. Назарбаев ШҚО-ның АӨК нысандарын аралады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Айтас-МП» ЖШС-нің құс еті өнімдерін жете өңдеу және өндіру зауытында болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Н. Назарбаев ШҚО-ның АӨК нысандарын аралады

Қазақстан Президенті зауытта Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндалды. Сондай-ақ зауыттың құс еті өнімдерін терең өңдеу және өндіру жұмыстарымен танысты.

«Айтас-МП» ЖШС кәсіпорыны 2013 жылғы тамызда іске қосылған. Шұжық өнімдерін, деликатестер мен жартылай дайын өнімдер шығарады. Өндіріс көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Жобалық қуаты – 12 мың тоннаға  2020 жылға қарай жету көзделіп отыр. 

 

Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100