Елорда күні қарсаңында Астанада бульварлар мен саябақтар жөнделеді

24 Маусым, 2014 12:21
Астанада қала күні мерекесіне дайындықтар өз деңгейінде жүріп жатыр. Әлеуметтік және өзге де нысандар мен тұрғын үй кешендерінің ашылуымен қатар Астанада мереке қарсаңында бульварлар мен саябақтар жөнделеді.

Қаладағы Сарыарқа даңғылы бойындағы «Жұпаргүл» бульварының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ. Салынғанына аз ғана уақыт болғанына қарамастан маңайдағы халықтың қыдыратын жеріне айналып үлгерді. Қаладағы негізгі магистральдар мен Есіл өзені жағалауына жақындығын ескерсек, аталмыш бульвар астана халқының сүйікті демалыс орындарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, Қабанбай батыр бойындағы Қазақстан-Ресей университетінің алдындағы, Еңбекшілер және Кварцо көшелері бойындағы гүлзарлар, сонымен қатар Тәшенов көшесіндегі «Домбыралы қарт»  саябағын жөндеу жұмыстары қолға алынбақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Елорда күнін мерекелеу бағдарламасы биылғы жылы ерекше өтпек. Астананың әр тұрғыны мен қонағы 70 шақты мерекенің қалағанына барып, мерекелік шараларды тамашалай алады. 

Барлық жаңалықтар