• Басты
  • «102» мобильді қосымшасы іске қосылды

«102» мобильді қосымшасы іске қосылды

3 Ақпан, 2021 13:19

«102» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұдан былай құқық бұзушылық орын алған жағдайда бұл қосымша арқылы азматтар полицияға бір ғана батырманы басу арқылы дереу хабарлай алады, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың тапсырмасымен жаңа қызмет «102» мобильді қосымшасы іске қосылды. Кез келген құқық бұзушылық жағдайда бұл қосымша полицияға бір ғана батырманы басу арқылы дереу хабарлауға мүмкіндік береді. Яғни, азаматтар оқиға орнынан хабарламалар мен фото жіберіп, тікелей оқиға орнынан бейнеқоңырау шалуға болады. Бұл жедел басқару операторына азаматтың тұрған жерін анықтауға, не болып жатқанын көруге және дереу тиісті шаралау қабылдауға көмегін тигізеді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, бұл қосымшаны пайдаланудың негізгі артықшылығы - уақыт жоғалтпай азаматтың аты жөнін, тұрғылықты мекенжайын, оқиға орнын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

«Екі тәуліктің ішінде 5000 адам бұл қосымшаны телефонына орнатып үлгерген. 2283 қоңырау шалынған, оның ішінде 1200 қоңырау тестік түрде болса қалғандары полициядан көмек сұраған азаматтар. Сонымен қатар, 123 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде балаларға қатысты, әйелдердің зорлық-зомбылығы, көлік апатына қатысты хабарламалар келіп түскен. Ең белсені қалалар: Нұр- Сұлтан, Алматы, Павлодар қалалары»- деді Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов.

Сонымен қатар, бұл қосымшаны қазақстандық өнертапқыштар ойлап тапқан және бұл жобаға ешқандай қаражат жұмсалмаған.

Жаңа ыңғайлы сервис азаматтарға 1 ақпаннан бастап қолжетімді. Қосымшаны Android жүйесіндегі смартфондарға Play Market-тен және IOS жүйесіндегі смартфондарға арналған App Store-дан жүктеуге болады.

Венера Жоламанқызы

Барлық жаңалықтар