• Басты
  • 2015 жылы Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҰКП ұлттық стандарттар жүйесін жасақтайды
23 Маусым, 2014 17:53

2015 жылы Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҰКП ұлттық стандарттар жүйесін жасақтайды

2015 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұлттық стандарттар жүйесін жасақтайды, деп ҚР ҰКП Басқарма мүшесі Екатерина Никитинская мәлім етті.

2015 жылы  Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҰКП ұлттық стандарттар жүйесін жасақтайды | Strategy2050.kz

«Баға демпингі болмас үшін және шынайы жеңіске жету үшін біз осы стандарттар жүйесі шеңберінде келер жылы кәсіпкерлердің, қауымдастықтардың, ҰКП көмегімен ұлттық стандарттар жүйесін жасақтағымыз келеді», - деді Е.Никитинская.

Оның үстіне, палата қорғаныс тапсырысы аясында сатып алу тәртібіне және «Мемлекеттік тапсырыс туралы» заңына біршама өзгертулер тобын  жасақтады.

«Біз өзгертулермен толықтыруларды жасақтап, кәсіпкерлермен талқыладық. Съезд өткен соң біз оны Қорғаныс министрлігіне жібереміз және олармен осы мәселе бойынша жұмыс жасайтын боламыз», - деп ол толықтырды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінде қажетті стандарттар тізімі жасақталды. Оларға тәртіптік нормалар енгізілген. Себебі, сапасыз шикізатты пайдалана отырып, сапалы өнім өндіру мүмкін емес, деп ол толықтырды.

Камила Амирова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды