Қала күніне орай «Астана - арман қала» балалар мерекесі өтеді

23 Маусым, 2014 18:48
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде қаланың ең кішкентай азаматтары үшін «Астана - арман қала» музейлік балалар мерекесі өткізіледі, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Биыл елорданы туған күнімен № 4 «Аружан» бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері құттықтайды. «Астана - арман қала» балалар мерекесі: қазақ халқының ертегілері мен аңыздары, Қазақстанның елордасы - Астана туралы, достық пен бақытты балалық шақ туралы өлеңдер мен тақпақтардың негізінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі ашылған күннен бастап елорданың мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен жемісті түрде әріптестік негізде жұмыс жасап келеді.

Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен кәдесыйлар дайындалды.

Барлық жаңалықтар