- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық ІІД 40 жаңа көлікті тізгіндеді
Астаналық ІІД 40 жаңа көлікті тізгіндеді
23 Маусым, 2014 18:00
Қазақстан Полициясының күні елордалық тәртіп сақшылары үшін есте қаларлық күн болды. Бүгін ІІД қызметкерлеріне су жаңа 40 автокөліктің кілті табысталды. Жұмыс істеуге қажетті техникамен жабдықталған «Peugeot» маркалы көлігі Қазақстанда құрастырылған, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
«ІІМ 22 жылдығы мен Астана қаласының 16 жылдығы қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің көмегімен 40 көлік алдық. Қала көшелері мен қылмысты болдырмауды қадағалайды. Біздің қажеттілікті өтейді. Өйткені есептен шығатын көліктер бар. Бұл көліктерге бейне тіркейтін қондырғы орнатамыз. Сосын толықтай жұмысқа шығады», - деді Астана қаласы ІІД ӘПБ бастығы Бақытжан Малыбаев.
Қала тыныштығын сақтап, қылмысқа қарсы күресті күшейтуді мақсат еткен мекеме басшылығы жаңа көлік ел астанасының климаттық жағдайына да төзімді екенін айтты. Әрі Ішкі істер органындағы техникалық базаның нығайып, қашып құтылмақ болған қылмыскердің ізін суытпай тұтылуына да септігін тигізеді.
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды