- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Ақтөбенің әлеуметтік нысандарын аралады
Елбасы Ақтөбенің әлеуметтік нысандарын аралады
Елбасы жаттығу залын және бассейнді көрді, онда спортшылар кешенді жүзуден өнер көрсетті.
2013 жылы желтоқсанда іске қосылған «Достық» су спорты түрлері орталығы спорттық және синхронды жүзуден, су добынан халықаралық жарыстар өткізуге арналған.
Орталықта бассейннен бөлек жаттығу залы, дайындық сабақтарына арналған залдар бар.
Сондай-ақ, Елбасы Ақтөбе қаласындағы ««Дәру» клиникасы» медициналық оңалту орталығына барды.
Орталықты аралау барысында Мемлекет басшысы клиниканың жұмысымен танысып, онда қолданылатын жоғары технологиялық оңалту жабдықтарын көрді. Нұрсұлтан Назарбаев медициналық орталықтағы емделушілермен әңгімелесті. Олардың қатарында Елбасы өзін бала кезінен білетін 93 жастағы Е. Санжаровамен жүздесіп, естеліктерін айтты және оған денсаулық тіледі.
Қазақстан Президенті сонымен қатар медициналық орталық ұжымының өкілдерімен және облыстың денсаулық сақтау саласы ардагерлерімен әңгімелесіп, осы саланы мемлекеттік қолдаудың ұлғайғанына тоқталды.
«Қаражат бөлініп, медициналық нысандар құрылысы жүріп жатыр, жаңа жабдықтар сатып алынуда. Бірақ ең бастысы – дәрігерлердің жоғары біліктілігі, қазір сіздер үшін оқуға, соның ішінде шетелде тағылымдамадан өтуге барлық мүмкіндік бар. Бүкіл жұмыстың көзделген басты нәтижесі адамның өмір жасын ұзарту, ана мен бала өлімін азайту болып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Клиника қызметкерлері денсаулық сақтау мәселелеріне ұдайы көңіл бөлінетіні және мемлекеттің тиімді әлеуметтік саясаты үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдірді.
«Дәру» клиникасы» медициналық оңалту орталығы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау арқылы 2013 жылғы ақпанда пайдалануға берілген. Бұл клиника амбулаториялық және стационарлық мамандандырылған қызмет көрсетеді. Қызметкерлерінің жалпы штат саны 214 адамнан тұрады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер