- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаевтың қатысуымен Ақтөбе облысында балқыту пеші іске қосылды
Н. Назарбаевтың қатысуымен Ақтөбе облысында балқыту пеші іске қосылды
23 Маусым, 2014 15:39
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауытына барды .Зауытты көру барысында Елбасыға ферроқорытпа өндірісін ашу жобасы туралы баяндалды. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші балқыту пешін салтанатты түрде іске қосты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. Олар мемлекет тарапынан металлургтерге ұдайы көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Мемлекет басшысы еңбек ұжымын жаңа ауқымды өндірістің іске қосылуымен құттықтап, оларға табыс және бақ-береке тіледі.
«Қазхром» ТҰК» АҚ-ның ферроқорытпа зауытының жобалық қуаты жылына 440 мың тонна жоғарыкөміртекті феррохром өндіруге жетеді. Биылғы жылдың соңына дейін 226,5 мың тонна өнім шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны 500-ге таяу.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады