Астанада қала күніне орай жастар Достық аллеясын отырғызады

23 Маусым, 2014 13:37
Астанада қала күніне орай жастар Достық аллеясын отырғызады, деп ОКҚ баспасөз отырысында «Қырғызстан-Астана» этномәдени ұйымының төрағасы Шавкат Ысмайылов мәлімдеді.

«Біз Достық аллеясын отырғызу идеясын мамыр айынан бастадық. Біздің бастамамыз Астана күніне орай жүзеге асырылады. Ол Астана қаласының халқын біріктіріп, патриоттық сезімді арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деді ол.

24 мамыр күні Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі саябақта ағаш отырғызды, деп атап өтті ол.

«Бұл орайда бізге әкімдік қолдау көрсетті. Акцияға 150 адам қатысты. Қала жастары бастаманы қолдады», - деді ол.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар