- Басты
- Жаңалықтар
- «Зенит-М» ұшыру кешені 2015 жылы Қазақстанға қайтарылады - Т.Мұсабаев
«Зенит-М» ұшыру кешені 2015 жылы Қазақстанға қайтарылады - Т.Мұсабаев
«Қазіргі таңда Бәйтерек жобасын қолданыстағы «Зенит» зымыран тасығыштың базасында жүзеге асыру жоспарлануда. Оның мақсаты «Протон» зымыран тасығышты біртіндеп алмастыру», - деді Т. Мұсабаев.
Аталмыш жобаны 2012 жылы Қазақстан мен Ресейдің Президенттері мақұлдады. «Жоба Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін стратегиялық маңызы зор. Бүгінде ол Байқоңыр ғарыш айлағын сақтап қалатын жалғыз бірегей жол және оны біртіндеп Қазақстан иелігіне өткізуде маңызды», - деп Қазғарыш басшысы толықтырды.
«Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының жалға алу құрамынан алынатын «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің нысандар тізімі бекітілді. «Бәйтерек» кешенін іске қосу үшін қажет РФ нормативті-техникалық және ұйымдастыру-бөлу құжаттары да анықталды. «Зенит-СМ» кешенін Ресей Федерациясы құрамынан шығарып қазақстандық тарапқа тапсыру 2015 жылдың қаңтар айына көзделген», - деп ол атап өтті.
Сонымен қатар, ағымдағы желтоқсан айының соңына дейін қазақстандық ұйымның 49 қызметкерлерін «Зенит» кешенінің жүйесі мен агрегаттарын пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Камила Амирова
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді