- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты бірегей тақырыпта Білім күнін өткізеді
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты бірегей тақырыпта Білім күнін өткізеді
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты бірегей тақырыпта Білім күнін өткізеді. Сабақтың мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, елордамыз Астананың 15 жылдығы, «Экспо 2017» Халықаралық көрмесі сияқты еліміздегі бірқатар қоғамдық маңызы бар оқиғаларды қамтитын болады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді білімге бастайтын басым бағыттарды айқындап берді. Білім беру саласында айтарлықтай тың өзгерістер орын алуда, білім беру жүйесінің барлық буынында жаңғырту саясаты жүргізілуде.
Елбасының халқына арнаған Жолдауы аясында биылғы жаңа оқу жылы еліміздің білім беру саласына салмақты жауапкершілік жүктеліп отыр. Мәселен, мектеп бағдарламаларына «Абайтану», «Алаштану» сияқты оқу курстары енгізілді. Сонымен қатар, биылғы жылы бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Осы жылдан бастап жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу қолға алынды. 12 жылдық білім беру жүйесіне дайындық аса қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Республиканың көптеген мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізілуде. Еліміздің 12 мыңнан астам мұғалімдері кәсіптік біліктілігін арттырған жаңа біліктілікті арттыру жүйесі жолға қойылды.
1 қыркүйекте білім беру ұйымдарында дәстүрлі түрде 2013-2014 жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты линейкалар, барлық деңгейдегі әкімдердің, білім беру органдары өкілдерінің, педагогикалық еңбек ардагерлерінің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Білім күні мектеп оқушыларын 292 067 педагог қарсы алады. 265177 бірінші сынып оқушылары алғашқы рет мектеп табалдырығын аттайды. Бұл күні республиканың 9 өңірінде: Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңа білім беру ұйымдарының объектілері ашылады. Жыл аяғына дейін 159 жаңа мектеп іске қосылады.
Республикамызда 300 мың педагог оқушыларды білім нәрімен сусындатып, ел тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуде. Олардың қатарына тағы 10 мыңнан астам жаңа маман келеді деп күтілуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды