Астана күніне орай 57 аула абаттандырылады

23 Маусым, 2014 11:46
Ағымдағы жылы Астана қаласының 16 жылдығына орай қалалық әкімшілік тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Астана күніне орай 57 аула абаттандырылады. Аулаларға асфальт  жол төселіп, жаңа газондар мен кедергілер орнатылады, деп қала әкімдігінде хабарлады.

Сондай-ақ, аулаларда жаңа спорттық және балаларға арналған алаңдар ашылады,гимнастикалық  және  жаттығу алаңдары салынбақ.

Сонымен қатар, 5 лифт ауыстырылып, 28 үйдің алды жаңартылды.

Барлық жаңалықтар