- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЖҚБ жер беті ғарыштық басқару аппаратының кешені пайда болады
Астанада ЖҚБ жер беті ғарыштық басқару аппаратының кешені пайда болады
«Астанадағы жерді қашықтықтан басқаратын ғарыштық жүйенің жер беті сегменті орналасқан Ұлттық ғарыш орталығының құрылысы аяқталады. Соның көмегімен ЖҚБ жер серігі басқарылып, осынау жер серіктерінен ақпаратты алу мен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Аталмыш ЖҚБ жер беті ғарыштық басқару аппараты кешені биылғы жылдың шілде айында пайдалануға берілмек», - дейді Т.Мұсабаев.
Қазғарыштың төрағасының айтуынша, жерді қашықтықтан басқаратын ғарыш жүйесі салалық экономиканың міндеттемелерін орындау үшін ЖҚБ жүйесінің жедел мониторингтелген мәліметтері мен ақпараттарын алудағы Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
«Мысалға, ЖҚБ ғарыштық жүйесінің көмегімен ауыл шаруашылығында егістік кезең, ауыл шаруашылығындағы егістік аймақты бағалау, егістік жағдайын бақылау, зиянкестердің тарау аймақтарын анықтау үшін климаттық жағдайға мониторинг жүргізуге болады. ЖҚБ ғарыштық жүйесінің басты артықшылықтарының бірі төтенше жағдайларды алдын ала ескерту. Мысалға, ЖҚБ жер серігі төтенше жағдайлардың көзін ерте кезден анықтап, зардап шегетін аймақты анықтап, алдын ала шара қодануға мүмкіндік береді», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 30 сәуірінде Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағының старттық аймағында алғашқы қазақстандық KazEOSat-1 ЖҚБ жер серігі ұшырылды. Екінші ДЗЗ KazEOSat-2 жер серігі 2014 жылдың 20 маусымында Орынбор облысының Ясный ғарыш айлағынан ұшырылмақ.
Камила Амирова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Ғибратты жолдың ғанибеті