- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда тұңғыш рет Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекеленуде
Қазақстанда тұңғыш рет Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекеленуде
Естеріңізге сала кетейік, 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының 57-інші Бас Ассамблеясының Сессиясы өтіп, 23 маусым БҰҰ-ның Мемлекеттік қызметкерлер күні деп бекітілді. Сонымен қатар, БҰҰ мүше мемлекеттерді дәл осы күнді Мемлекеттік қызметкерлер күні деп тануға шақырған болатын.
Қазақстанда мемлекеттік қызметте 90 мыңнан астам азамат нәпәқасын тауып отыр. Олардың 49 мыңнан астамы нәзік жандылар. Саяси қызметкерлердің орташа жасы 48 жас, әкімшілік қызметкерлерінікі - 39 жас, «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінікі - 45 жас, деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен хабарлады.
Мемлекеттік қызмет саласын табысты реформалау және бәсекеге қабілетті, сауатты, білікті мамандармен толықтыру ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың саяси ұстанымының нәтижесі.
Айта кетерлік жайт, мемлекеттік қызмет бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен хабарланғандай, республика бойынша жаңадан мемлекеттік қызметке кіріскендер немесе қайта осы салаға оралғандар салтанатты түрде ант қабылдайтын болады. Сонымен қатар, оқу орындарында мемлекеттік кадрлық саясатты түсіндіру бойынша тематикалық сабақтар өткізіледі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті