- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда ғалымдар мұнай және газ саласы мәселелерін талқылады
Атырауда ғалымдар мұнай және газ саласы мәселелерін талқылады
Конференцияда ғалым-математиктердің және өндіріс мамандарының алдыңғы қатарлы зерттеулері мен жасақтамалары, оларды өндірісте қолдану мәселелері қаралды, деп атыраулық мұнай және газ институтының аспасөз қызметі хабарлады.
Конференцияны Халықаралық конференция бағдарламалық комитетінің төрағасы академик Б.Т. Жұмағұлов ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасында ғылымды қолдау және оның экономикаға қосар үлесінің артуы – Елбасы-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарынан туындайтын міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар аталған бағыттың жаңа алғышарттары Еуразиялық Экономикалық Одақтың және Мемлекет Басшысының Шетел инвесторларының 27-ші пленарлық отырысында айқындалған міндеттерден туындайды.
Конференцияға қатысушылар мұнай-газ саласының қазіргі заманғы жағдайы мен дамуын және оның маңызды бағыттарын математикалық модельдеу мәселелерін қолдануды талдады. Гетерогенді ортадағы математикалық моделдеуді өңдеу мәселелері және мұнай қабаттарына әсері, автоматты талдаудық практикалық жүйесін құру және кенорындарын өңдеуді оңтайландыру, саланың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, ғылым, білім беру мен техникадағы инновациялық технологиялардың дамуы, алынған ғылым жетістіктерінің тәжірибеде жүзеге асырылуы, аталған саланың бағыттары мен ғылыми-инновациялық қызметінің даму міндеттері талқыланды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды