- Басты
- Жаңалықтар
- Женевада Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспардың тұсаукесері өтті
Женевада Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспардың тұсаукесері өтті
Құжаттарды табыстау Швейцарияда БҰҰ Сауда және даму конференциясының қоғамдық симпозиум алаңында (ЮНКТАД) өтті.Женевада Ұлттар Сарайында ЮНКТАД қоғамдық симпозиумы өтті. Аталмыш беделді халықаралық ұйымның елу жылдығына арналған ресми іс-шараға «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының (бұдан әрі - Қауымдастық) басшысы Мұрат Кәрімсақов қатысып, «Теңдікке және 2015 жылдан кейінгі кезеңде тұрақты дамуға арналған оңтайлы әлемдік экономикалық құрылым» тақырыбындағы баяндамасымен шығып сөйледі.
ІІ Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференция қатысушыларының атынан Мұрат Кәрімсақов симпозиумның жоғары лауазымды қатысушылары – БҰҰ Бас хатшысы Пан Ки Мунға, ЮНКТАД Бас хатшысы Мукиса Китуйге, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының Бас директоры Дэвид Шаркке және Халықаралық сауда орталығының Бас хатшысы Аранча Гонсалеске Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар тұжырымдамасын табыстады, деп «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясы хабарлады.
Өз кезегінде Пан Ки Мун БҰҰ 2015 жылдан кейінгі даму күн тәртібіне дайындық жасау және дамыту үшін Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар тұжырымдамасының маңыздылығы мен ерекше көкейкестілігін атап айтты. Сонымен қатар, Пан Ки Мун БҰҰ хатшылығының атынан Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспарды қалыптастыруға және толтыруға ықпал жасауда өзінің салмақты үлес қосуға дайын екендігін білдірді.
«Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы 2013 жылдан бастап БҰҰ Сауда және даму конференциясының (ЮНКТАД) тәуелсіз шолушысы болып табылады. Кәрімсақов мырза Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар тұжырымдамасы әлемдік қоғамдастық тарапынан қажетті қолдау алатындығына және жаһандық диалогтың бастауы болатындығына сенімін білдірді.
ЮНКТАД 50-жылдығына арналған қоғамдық симпозиумда теңсіздіктің макроэкономикалық қырлары талданды, сонымен қатар, ортақ проблемаларды шешу айналасында әлемдік қоғамдастықты біріктіру қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, симпозиум ЮНКТАД жыл сайынғы іс-шарасы болып табылады, онда үкіметтердің, азаматтық қоғамның, жеке сектордың өкілдері, ғалымдар, сонымен қатар, басқа да бақылаушылар көкейкесті саяси және экономикалық тақырыптардағы пікірсайыстарға қатысады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды