- Басты
- Жаңалықтар
- Елорда күніне орай Астана ажары нұрлана түседі
Елорда күніне орай Астана ажары нұрлана түседі
Астанада мерекелік ауаны қалыптастыру үшін 12 нысан мен ғимарат сәндік бұйымдармен безендірілді. Сонымен қатар, елордада жалпы көлемі 160 мың шаршы метр жерге 8 млн гүл көшеті, 1 млн өзге де өсімдік түрлері отырғызылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаланың сәулетіне сән қоса түсу мақсатында диаметрі 1,2 метрден 2 метрге дейінгі дөңгелек түріндегі 43 геометриялық фигура салынды. Сонымен қатар,1 089 аспалы гүлдер де қойылды. Бұлардан бөлек тағы да бірқатар жерлерге гүл мен сәндік бұйымдар орнатылды.
Қаланың ішкі аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Осының аясында 6 485 ағаш егілді.
Естеріңізге сала кетейік, Елорда күнін тойлау бағдарламасы биылғы жылы ерекше өтпек. Астананың әр тұрғыны мен қонағы 70 шақты шараны тамашалай алады. Қала қонақтары мен тұрғындарға арнап көпшілік шаралар, фестивальдер, халықтық серуендер, балалар ұйымдарының шығармашылықтары, спорттық-сауықтыру шаралары, аспаздық шеберліктер мен өзге де көптеген байқаулар ұсынылмақ.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды