• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елордада «Астана кубогына» КВН командаларының дәстүрлі халықаралық фестивалі өтеді

Елордада «Астана кубогына» КВН командаларының дәстүрлі халықаралық фестивалі өтеді

22 Маусым, 2014 15:01
Қазақстан астанасының 16 жылдығын мерекелеуге арналған шараларды өткізу және КВН Ортаазиялық лигасының ЖҚЛ маусымы аясында 3 шілде де Конгресс холл сарайында «Астана кубогына» КВН командаларының дәстүрлі халықаралық фестивалі өтеді.

Танымал КВН командалары Астана тұрғындары мен қонақтарын қыран-топан күлкіге бөлемек. Атап айтатын болсақ, Ортаазия лигасының қатысушылары: "Сборная РУДН" (Мәскеу), "СОЮЗ"(Тюмень), "Азия MIX"  (Бішкек), "Қазақстанның жаңа құрамасы" (Астана), "Сборная Баку" (Әзірбайжан).

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, мерекелік шаралар тізбегіндегі Астана Кубогына арналған «КВН» Екінші Қазақстандық Фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй, риясыз күлкі сыйламақ. 

Барлық жаңалықтар