Мемлекеттік шекара – Қазақстанның игілігі

21 Маусым, 2014 14:37
Елдің жетістігі мен игілігі әр түрлі бағыттардан құралады. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «біздің жетістігіміз – ол 14 мың километрге бір елді сыйдырған біздің киелі мекеніміз» деп айтылған болатын.

Елбасы мемлекеттік шекараны Қазақстанның игілігі деп тегін атаған жоқ. Ол Әнұран, Ту, Елтаңба секілді  тәуелсіз елдің нышаны болып есептеледі. Бүгінде Елбасы қойған шекаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық тапсырмасы орындалды деп айтсақ болады.

Қазақстанның игілігі  келер ұрпаққа халықаралық құқықпен қорғалған, тұрақталып бекітілген мемлекеттің шекараның тапсырылуы болып есептеледі. 

Барлық жаңалықтар