- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан 2030 жылы энергетика нарығы көшбасшыларының бірі болады - инвесторлар
Қазақстан 2030 жылы энергетика нарығы көшбасшыларының бірі болады - инвесторлар
Инвесторлардың пайымынша алдағы 3 жыл бойы энергетика саласы қаржы салуда тартымды секторлардың бірі болмақ. Сауалнамаға қатысқандардың болжамы бойынша Қазақстан 2030 жылы энергетика нарығы көшбасшыларының бірі болады.
Сонымен қатар, жоғары технологиялар, телекомуникация құралдары мен инфрақұрылымдар, кәсіби қызмет көрсету салаларының да әлеуеті жоғары және олар мемлекетке айтарлықтай табыс әкеледі. Тіпті, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізетін болады.
Бұдан басқа, олар Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануы, инновациялық қызметтің белсенді дамуы мен «жасыл» технологияға көшуі мемлекетті инвесторлар алдында тартымды етеді, деп бір ауыздан жауап берген.
Бүгінде Қазақстан «Жаңа жібек Жолының» маңызды құрамдас бөлігі. Оның Еуропа мен Азияны байланыстыратын көліктік түйін ретінде дамуына мүмкіндігі жетерлік. Оның үстіне, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы жүруде. Тоғыз жолдың торабы трансконтиненталды автокөлік магистралінен тұратын болады. Сонымен қатар, өтімділігі жоғары теміржол желілері салынуда. Осының барлығы Республикаға тауар айнламынының өсуін ескере отырып негізгі көлік түйіні болуына барлық мүмкіндіктерді береді, деп есептейді инвесторлар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»