Қостанай облысында DAMU Start UP басталды

1 Ақпан, 2013 00:00
«Даму» Қорының Қостанай филиалында «Бизнес-Кеңесші» бағдарлама бойынша оқуды өткен және Damu start up жобасы аясында, «ЦентрКредит» Банкінен несие алуға ниетті бастаушы кәсіпкерлердің тестілеу басталды.

Бастаушы кәсіпкерлер үшін 20 млн.теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік беріледі. Оның ішінде 14% сыйақы мөлшері, оның ішінен 7% «Даму» Қоры субсидияландырады және 7 % кәсіпкер өзі төлейді. «Даму» КДҚ» АҚ бастаушы кәсіпкерлер үшін несие бойынша кепілгер болады. Яғни, несие сомасының 70%- «Даму» қорының кепілдігі арқылы беріледі. Қалған бөлігін кәсіпкер осы банктегі депозитімен қамтамасыз етеді.

«Кәсіпкерліктің экспресс-курсын» жақсы тәмамдаған және «Даму» Қорында тестілеуді жақсы тапсырған Қамысты ауданының екі бастаушы кәсіпкерлері өз бизнесін «нольден» ашуға мүмкіндігі бар.

Барлық жаңалықтар