- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада БАҚ саласындағы сыйлықты тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті
Астанада БАҚ саласындағы сыйлықты тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті
Отырысқа Комиссия мүшелері – бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистер қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Отырысқа қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттілікті нығайтудағы маңызды рөліне назар аударды.
Биыл Қоғамдық комиссия атына 57 ұсыным келіп түсті, соның ішінде 48-і журналистерге, 9-ы шығармашылық ұжымдарға қатысты болды. Бұл ретте 41 ұсынымды баспасөз, 16 ұсынымды электронды БАҚ жолдады.
Комиссия мүшелері журналистік жұмыстар деңгейінің жоғары болғанын, сондай-ақ олардың Қазақстанның бүгінгі дамуындағы маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан үлесін атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сыйлығын тағайындау, екі грантын тапсыру және Президенттің алғысын төрт шығармашылық ұжымға жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс беру туралы бір ауыздан қаулы етті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды