Астана әлемнің рухани елордасы - Н.Нестерова

20 Маусым, 2014 17:36
Әлемнің рухани елордасы - Астана. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Надежда Нестерова мәлім етті.

«Жақын күндері астаналықтар Астананың 16 жасын тойлайтын болады.  Бір қарағанда тым аз уақыт. Алайда осы санаулы жылдар ішінде Елбасының көреген саясатының арқасында   Астана біз қазақстандықтар мақтан тұтатын, қонақтар таңқалатын алып шаһарға айналды», - деді Н. Нестерова.

Депутаттың айтуынша Астана еліміздің маңызды саяси шаралардың келбетіне айналды және оның экономикалық қауымдастық орталығына айналуына толық негіз бар.

«Он алты жыл ішінде егеменді Қазақстанның астанасы ретінде қала әлемге танылды. Мұнда АЭФ, ЕМФ, ЕҚЫҰ сынды маңызды шаралар өтті. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келсімге дәл осы Астанада қол қойылды», - деді депутат.

Сондай-ақ, Н. Нестерова 2015 жыл  - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болатынның тілге тиек етті.

«Әлемдегі дәстүрлі діндер съезін өткізуді Елбасы көтерген болатын. Міне содан бері жыл сайын елордада аталмыш отырыс өткізіліп келеді. Ал, келер 2015 жыл тағы да Мемлекет басшысының ұсынысымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деген айдармен өтеді. Бұл   Астананың  әлемнің рухани елордасы екенін білдірсе керек», - деп ол толықтырды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар