2014 жылы 650 баспана қайта жаңғыртылады – Қ. Айтмұхамбетов

20 Маусым, 2014 16:41
2014 жылы 650 баспана қайта жаңғыртылады, бұл туралы өңірлік даму министрлігінің вице-министрі Қосман Айтмұхамбетов «Жасыл экономика» бағыты бойынша жұмыс тобының отырысында мәлімдеді.

«ТКШ дамыту мен жүзеге асыру бойынша келесі кезекті индикаторлар болды: 2013 жылы күрделі жөндеуді қажет ететін нысандарды 28 пайызға жеткізу. Бұл мақсатқа қол жетпеді, себебі 2013 жылы республикалық бюджеттен үйлерді жөндеуге ақша бөлінбеді, сондықтан да атқарушы органдар қайтып келген ақша бойынша жұмыс істеді», - деді ол.

Оның айтуынша, 2013 жылы қайтымды қаражатқа 863 млн теңгенің 79 үйі жөндеуден өтті. Ол Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында  жүзеге асты.

«Үкіметтің қаулысынан кейін сәуір айында келіссөз өзгерді. Жалпы, ТКШ дамыту мен жүзеге асыру индикаторлары түбегейлі ауысты. Бізде күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған нысанды 24 пайызға жеткізу қажет. Республикалық бюджеттен 11 млрд 900 млн теңге қарастырылған. Алдымен 1370 үйді жөндеу қарастырылды, кейінен ол 634-ке қысқартылды. Бұл жоба осы жылы жүзеге асады», - деді ол. 

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар