- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жаңбыршин: Есеп комитеті бақылаушылары қызметтерін 5 есеге арттырды
Қ.Жаңбыршин: Есеп комитеті бақылаушылары қызметтерін 5 есеге арттырды
«Есеп комитетінің есебі – Үкімет есебінің қорытындысы. Яғни, Үкімет республикалық бюджеттің атқарылуы жайлы есеп берсе, біз оны қорытындылап, Үкіметтің жұмысынан анықталған кей мәселелерді ашып көрсетеміз. 2013 жылғы тексерістердің нәтижесінде беті ашылған жалпы заң бұзушылықтың көлемі 808 млрд теңгені құрады, соның 196 млрд теңгесі республикалық бюджет қаражаты», - дейді Қ.Жаңбыршин.
Оның айтуынша, бұл дегеніңіз мақсатсыз тұрғыда шығындалған қаражаттың құны 808 млрд теңгені құрайды деген сөз. «Осы қаражаттың бір бөлігі процедуралық сипатқа ие заң бұзушылықтар. Мысалға, мемлекеттік архитектура мен құрылыс туралы заңның сақталмауы, байқауды өткізу мерзімінің бұзуылуы секілді», - дейді ол.
«Заң бұзушылық құнының екі есеге артуына тағы бір әсер етуші фактор ретінде Есеп комитеті бақылаушыларының 44-тен 77-ге дейін артуына байланысты жағдайды атауға болады. Бұл дегеніңіз қамтуды шамамен 5 есеге арттыру деген сөз», - дейді ол.
Өз сөзінде төраға 2013 жылы Есеп комиеті тарыпанан 26 тексеру шараларының өткенін айтты. Есеп комитеті Үкіметке, мемлекеттік орталық және жергілікті органдарға, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 68 ұсыныс пен 309 тапсырма жіберген. Олардың орындалу көрсеткіші тиісінше 98% және 80%.
Айта кету керек, бүгін Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттік орындалуы туралы есебі мақұлданды.
Камила Амирова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде