- Басты
- Жаңалықтар
- Астана көз алдымда заманауи мегаполиске айналды - елорда құрдасы
Астана көз алдымда заманауи мегаполиске айналды - елорда құрдасы
«Астана - ол менің сүйікті қалам. Мен осында туып өстім, ер жеттім. Өзімнің алғашқы досыммен таныстым. Жалпы, Астанамен менің өмірімнің жарқын сәттері байланысты. Сондықтан да мен оны ешқандай қаламен айырбастамас едім. Мейлі олар менің Астанамнан қызығырақ және әдемірек болса да», - деді оқушы.
Нұрлыбек елордамен бірге өсіп ер жеткенін мақтан тұтатынын жасырмады.
«Мен Астана қаласының елорда титулын алған кезде дүниеге келгеніме қуаныштымын. Себебі, қала менің көз алдымда өзіммен бірге өсті. Бүгінде ол шағын қаладан үлкен дамыған мегаполиске айналды», - деп оқушы атап өтті.
Сонымен қатар, НЗМ оқушысы елорда да өзіне ерекше ұнайтын нысан туралы айтып берді.
«Бізде көлемі жағынан тек «Бостандық» мүсінінен сәл кіші «Бәйтерек» монументі бой көтерді. Менің Астанадағы сүйікті ғимараттарымның бірі дәл осы - Бәйтерек. Ол елордадағы архитектуралық жауһардың озық үлгісі деуге болады»,- деді Нұрлыбек.
Сонымен қатар, елорда құрдасы барлық астаналықтарды қала күнімен құттықтады.
«Мен барлық астаналықтарды мерейлі мерекесімен құттықтаймын. Сіздердің астанамызды одан әрі жақсы көрулеріңізге және оның биік белестерді бағындырып дамуына тілектеспін», - деп ол жылы лебізін білдірді.
Индира Кауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды