- Басты
- Жаңалықтар
- «Эйр Астана» Алматыдан Барселонаға тікелей рейс ашады
«Эйр Астана» Алматыдан Барселонаға тікелей рейс ашады
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамыту тұжырымдамасын таныстырып, мемлекеттер арасындағы туризм саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, 2014 жылдың 21 шілдесінен бастап Алматыдан Барселонаға тікелей әуе рейсінің ашылатынын айтты.
Рейсті «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалы Boeing-757 әуе суднасы арқылы жүзеге асыратын болады. Алматыдан Барселонаға халық сейсенбі мен сенбі күндері аптасына екі рет қатынай алатын болады. Ал кері бағытта сәрсенбі мен жексенбі күні ұшады.
Қазақстан Республикасындағы Испанияның Төтенше және Өкілетті елшісі Мануэль Ларротча Параданың айтуынша, Испанияға туристік мақсатта жылына 60 млн-нан астам адам келетін көрінеді. Оның пікірінше, Испанияда 52 халықаралық әуежай қызмет етуде. Осыған орай біздің елмен туризм саласында ынтымақастық құруға дайын екендігін айтты.
-
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Алакөлге қандай әуе рейстері субсидияланады -
20 маусымнан бастап халықаралық рейстер ашылмақ -
А.Есмағамбетова: Халықаралық әуе рейстерін қалпына келтіру жөнінде әңгіме айту әлі ерте -
Шекара ашылған соң әуе рейсі қатынайтын 3 ел анықталды -
Атыраудан республика қалаларына рейстер қайта жанданады -
Елорда мен Алматы қалалары арасында әуе рейстері қандай тәртіппен ұшады -
1-мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады – Президент -
Коронавирус. Тұрақты әуе рейстерінің саны қысқартылды -
Дэвис кубогінің алғашқы ойынын Михаил Кукушкин мен Робин Хас ашады