- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада газ саласына қатысты форум өтті
Қызылордада газ саласына қатысты форум өтті
Форумда облыс орталығын ғана емес, аудандарды да үздіксіз экологиялық қауіпсіз көгілдір отынмен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар қаралды, деп мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздегі газдың қоры 4 триллион текше метр шамасында. Жылына қазақстандықтар шамамен 18 миллиард текше метр көгілдір отын тұтынады.
ҚР Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Қызылорда облысының газ жөнінде келешегі зор, өйткені осы жақта екі үлкен жоба іске асыру жоспарланған. «LNG» - сұйытылған газ шығаруға және «GTL» - дизель отынын шығаруға арналған зауыттар салынбақ.
«Осы жобалар іске асырылса, өндіріске жаңа инновациялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылып және жергілікті бюджетке қосымша салық түседі», деп атап өтті вице-министр.
Қызылорда облысын газификациялау бойынша жоспарда енді Арал, Казалы аудандары мен Байқоңыр қаласы кезекте тұр.
Ағымдағы жылы Мұнай және газ министрлігінің қолдауымен Ақтау, Атырау, Орал және Қызылорда қалаларында мұнай-газ форумдары өткізілді.
Аймақтық мұнай-газ форумдары Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының ХІ форумын өткізу үшін алдын-ала дайындық алаңы болмақ.
Екатеринбург қаласында өткен Х қазақстан-ресей форумында Мемлекет басшысының бастамасымен 2014 жылы осындай кездесуді «Көмірсутегі саласындағы инновация» тақырыбымен алдағы күзде Атырау қаласында өтеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Мұнай-газ өндіру мәселелері