• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сандар сөйлейді: Астана қаласында жыл сайын 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Сандар сөйлейді: Астана қаласында жыл сайын 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

20 Маусым, 2014 15:12
Астана қаласында жыл сайын 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, ал 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.

Осыған дейін қала әкімдігінде хабарлағандай, Астанада 1156 пәтерден тұратын жалпы ауданы 62,9 мың шаршы метрлік 5 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Айта кету керек, елордадағы бұл құрылыс халықтың барлық санатына арналып ҚТ ҚЖБ бойынша салынып жатыр.

Сонымен қатар, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру аясында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тарапынан халықтың барлық санаты үшін 897 пәтерден тұратын жалпы ауданы 47,1 мың шаршы метрлік 4 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Атап айтар болсақ, олар 420 пәтерлі тұрғын үй кешені, 280 пәтерлік «Кампус» тұрғын үй кешені мен 99 және 170 пәтерлік тұрғын үйлер. 

Барлық жаңалықтар