- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа кешен елорда энергожүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді
Жаңа кешен елорда энергожүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді
«Оның ашылуы 4 шілдеге жоспарланып отыр. Біздің кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған уақытынан бері алғаш рет біз өзіміздің меншікті ғимаратымызда жұмыс істеп, шеберхана, асхана, спорт залы, киіну бөлмесі, жуыну бөлмелері мен өзге де керек-жарақпен қамтамасыз етілген ғимаратқа көшетін боламыз. Аталмыш жаңа ғимаратта Еуропадан әкелінген жаңа бағдарламалармен, оперативтік жүйелермен, жаңа бейне құрылғылармен қамтамасыз етілген заманауи диспетчерлік бөлме болады. Бұның барлығы Астананың электр қуатын басқаруға септігін тигізбек», - дейді «Астана-ӨЭК» АҚ басқарма төрағасы Александр Смородин.
А.Смородиннің айтуынша, кешенде қаланың барлық энергетикалық жүйесі көрінетін заманауи диспетчерлік басқарма пунктінің құрылғылары орнатылады. «Мұнда қаланың диспетчерлік басқару пульті болады. Пульт дегеніміз – компьютер. Аталмыш құрылғы қаланың электр жүйесінен ақау кеткен нүктені бірден анықтап, оны дер кезінде жөндеу мен өзге де шараларды қолдануда таптырмас құрылғы болып табылады», - дейді ол.
Қазіргі таңда қаланың энергетикалық жүйесінің негізгі жобасы – «Батыс», «Достық», «Шығыс» атты үш шағын станция тірегімен Астананың айналасындағы құрылыс аяқталып қалды. Бұл өз кезегінде қаланың электр қуатының 550-ден 1500 МВт қуатты өткізе алуына жол ашады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды